ӘЛЕМДІК БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМҒА АШЫЛҒАН ЖОЛ

АИГИ: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай іске асуда
ӘЛЕМДІК БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМҒА АШЫЛҒАН ЖОЛ
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы мақаласын білім алушылар бойына берік сіңіру,тереңірек түсіндіру мақсатында бүгінгі таңдағы пандемияның карантин талаптарын сақтай отырып, онлайн және офлайн форматтарында студенттерге лекциялар циклын, семинарлар,тәрбие сағаттарын,т.б.бағдарламалық шараларды жүйелі өткізіліп келеді. Институт кітапханасы осы бағдарламаның негізгі жобаларының бірі- «Сананың ашықтығы ,100 жаңа оқулық « жобасының жүзеге асуы барысын,яғни, институттың ғылыми кітапханасына келіп түскен 100 жаңа оқулықтарды таныстырып (библиографиялық шолу) профессор-оқытушылар мен студенттермен онлайн жағдайында 30 сәуір күні конференция өткізді.
Институт кітапханасының директоры Сәния Ниғматуллина баяндама жасап,»100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жұмыстарды айтып берді. Бүгінгі күнге институт кітапханасына осы жоба бойынша аударма бюросынан аударылыған 92 атаумен 4162 кітап келгенін баяндады.
Баршамызға белгілі ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылдан бастап, жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша институтының ғылыми кітапханасының кітап қорына келіп түскен оқулықтар:Инновация,әлеуметтану,тарих,экономика,саясаттану,құқықтану, лингвистика, педагогика және психология, философия, әдебиеттану салаларын қамтиды.
Жоғарыда аталған оқулықтарға қысқаша библиографиялық шолу жасайтын болсақ;

Инновация бағыты бойынша – 2017 жылы шыққан, Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты туындысы жаңа инновацияға толы, жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуы туралы баяндайды.

Алан Барнардтың бұл еңбегі антропологияның ғылым ретінде қалыптасуына шолу жасап, антропология туралы заманға сай, пәнаралық түсінік қалыптастырады.

Әлеуметтану саласындағы Джордж Ритцердің “Әлеуметтану теориясы” ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастарды ұштастыра отырып талдайды.

Тарих саласындағы - Тарихи білім тарихы кітабы архаикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі тарихи сананың қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясы, тарихи білімнің кәсібилену процесі, оның ғылым пәні ретінде орнығуы кешенді түрде қарастырылып, тарихнама бойынша негізгі мектептер мен бағыттардың сипаттамасы беріледі әрі тарихты зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістер жан-жақты зерделенеді.
Экономика саласындағы, Грегори Мэнкьюдің «Экономикс» атты еңбегі экономикалық теория, идеялар мен құбылыстарды мейлінше қарапайым әрі ұғынықты жеткізетін оқулық ретінде танылып, әлемнің 25 тіліне аударылған.
Майкл Паркиннің «Микроэкономика» оқулығы да – жергілікті экономикалық қатынастарды түсіндіретін оқу құралы.
Е.Томас Гарман мен Рэймонд Е.Форгтың Жеке қаражат оқулығы – бұған дейін экономикада қаржы, несие, бағалы қағаздар, инвестициялау, сақтандыру, салық жүйесі, менеджмент тақырыптарында жеке-жеке қозғалған мәселелерді топтастырып, жүйелеу арқылы жеке қаражатты өз алдына дербес білім курсына бөліп шығарған түбегейлі еңбек.

Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бері ол ондаған тілге аударылып, екі миллион данамен таралды.
«Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе» атты кітаптың 7-басылымы халықаралық қатынастар саласындағы ең соңғы оқиғаларды қамтитын феминизм, нәсіл, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік емес ұйымдар секілді бірнеше жаңа тараудан тұрады.

«Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді

«Тіл – инстинкт» атты бұл кітабы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді.
Педагогика психология саласы бойынша Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды.
Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. Бұл оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады.
Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе кітабында әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған.
Аталған оқулықтарды ғылыми кітапхана қорынан, ал қазіргі қашықтан оқу жағдайында оқулықтардың электронды нұсқасын Атырау инженерлік гуманитарлық.институтының aigi.kz сайтындағы «ғылыми кітапхана» бетшесіне кіру арқылы 100 жаңа оқулықтарға арналған виртуалды кітап көрмесімен танысып, ондағы 100 кітап.кз , openU.kz сайттарының ссылкасы арқылы сайтқа кіріп оқулықтарды жүктеп немесе қажет жерін көшіріп алу мүмкіндігі қарастырылған.Институт профессор-оқытушылары мен студенттер осы жаңа кітаптарды алып,оқуда.
Елбасының игі бастамасы «100 жаңа оқулық» жобасы жастардың ғылыми ізденісі мен білім алуына кең жол ашып, толыққанды,әлемдегі үздік білімді алу жолында жасалып отырған зор мүмкіндік. «Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді». Сондықтан 100 жаңа оқулықты оқып білу үшін санамыз ашық болуы қажет.


АИГИ Баспасөз қызметі.