«ҰЛЫ ДАЛА ДӘСТҮРІМЕН » өткен мейрам

Наурыз тойы болғанда…

Қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымагының мерекесі болған, тарихи тамыры тереңге бойлаған әз- Наурыз мейрамы Атырау инженерлік-гуманитарлык институтында профессор- окытушылар курамы және студенттердін қатысуымен «Ұлы дала дәстүрі» атты сахналық қойылым ретінде өткізілді.

Наурыз мейрамының биылғы отыз жылдығына орайғы мерекелік шарада Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының кафедралары қызметкерлері мен студенттер бірлесе отырып, халкымыздың ұлттық дәстүрлерін, рәсімдерін, салттарынын сахнада қойылым түрінде жаңаша форматта әсерлі көрсетті.

Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының ректоры, профессор,Қазақстан ұллттык ғылым академиясың корреспондент-мүшесі Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы құттықтау тілегін айтып,әз-Наурыз мерекесі шарасын ашты. «Қазақстан халқы үшін әз-Наурыз мейрамы– көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық!» – деді Ерсайын Уалитханұлы.

-Ұлыстың ұлы күні – Наурыз қазақ даласында 1988 жылы ғана қайта жаңғырды. Ал 1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Президентінің Жарлығы шығып, Елбасы 22 наурызды – «Наурыз мейрамы» деп жариялады.Міне,30 жылдан бері әз-Наурыз мемлекетіміздің мерейлі мерекесіне айналып, республика бойынша кеңінен тойланып келеді. Онымен бірге, 2010 жылдың 23 ақпанында Әзірбайжан мемлекетінің ұсынысымен Қазақстан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Албания, Македония және Үндістан елдерінің қолдау көрсетуімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы, 21 наурызды – Халықаралық Наурыз күні етіп белгіледі. Осылайша, Балқаннан Орта Азияға дейінгі өңірлерде сан ғасырлар тойланып келген мерекені әлемге жар салып, атойлатып атап өту мүмкіндігі туды. Соның бір дәлеліндей біздің Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында да тамаша іс-шаралар өтіп келеді.

Арайлап жеткен әз-Наурыз мейрамында ақ мол болып, жылымыз ырысты болсын. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, бейбітшілік пен келісімнің арқауы болған Ұлыстың Ұлы күні жанұяларыңызға бақ-береке,еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін! Отанымызға – бейбіт омір, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз,-деді ректор Е.У.Ихсанов.

Қазақ жерінде сәби дүниеге келгеннен бастап қартайған шағына дейін, салтымыз бойынша әр жасына әр – қалай рәсім өткізген, бүгінгі «Ұлы дала дәстүрі» атты шарамызда соның куәсі болдық. Қазағымның еліңде, Атыраудын төрінде ынтымағы мен бірлігі жарасқан «АИГИ ауылында» үлкен қуаныш ағайындар!

Бүгін міне Наурыз мерекесімен тұспа – тұс «Басқару,ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» кафедрасы шаңырағында үлкен той. Бұл шаңыраққа шекесі торсықтай ұл келіп, сол ұлдың шілдехана – бесік тойы өткізілді. Жиналған ауыл ағайындары, ұлға Махамбет деп есім беріп,азан шақырып есімін жария етіп,ақ бата беріп,бесікке салу рәсімін тқарды.

Ал,«Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» кафедрасы жаңа туған сәбидің қырқыннан шығару рәсімін жаңаша форматта,әсерлі орындап шықты. «Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» кафедрасы шаңырағында да үлкен той болды. Ол әулеттің сәбиі алғашқы қадамын жасап, тұсауын кесер тойын өткізді. Сәбидін тұсауын кесіп, қадамы нық, жолы ақ болсын деп ардагер ағалар бата- тілек арнады. «Бизнес басқару және құқық» кафедрасы шаңырағының ұлы ер жетіп, ағайындары көрші ауылдың сұлу қызына құда түсу салтын бүгінгі заман талабына сай өткізе білді. Ал, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы шаңырағына Қыз Жібектін көзіндей,Баян-Сұлудын өзіндей болған келін түсті. Беташар рәсімі жасалып, әсем той болды. Осы рәсімдердің қай-қайсысының мәні мен маңызын,ерекшелігі түсіндіріліп, оларды көпке жеткізудің жаңа формасы да табылды.

Иә, «Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ауылында» осылайша әз-Наурыз мейрамы мемлекет басшысымен ұсынылған бы-иылғы Наурыз мейрамын жаңа формата,әсерлі де үлгілі өткізу талабына сай өткізілгенін айту керек. Институтымызда осындай қуаныш тойлар бола берсін . Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын. АИГИ институты ұжымы өркендеп өсе берсін!

Ермек Биғалиев,
АИГИ Баспасөз қызметі.