Құрметті Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының қыз-келіншектері, студенттер, барша арулар!
Сіздерді 8 Наурыз–халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!
Әйел – адамзаттың ең асыл да, аяулы перзенті ғана емес, сонымен бірге табиғат бойына ақыл мен мейірім-парасат, іскерлік дарытқан абзал да ізгі жаны! Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»,- дейді.
Қалыптасқан ізгі дәстүріміз бойынша біз бұл күні – ақ жаулықты аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
ректоры,профессор: Е,У. Ихсанов.