«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА?

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына «Рухани жаңғыру» орталығы ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларының іске асырылу жайларымен танысу мақсатында Қазақстагн Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Сараптау және әдістемелік қамтамасыз ету» басқармасының жауапты қызметкерлері келді.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Сараптау және әдістемелік қамтамасыз ету» басқармасының басшысы Молдағалиев Серік Берікұлы мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Бағдарлама жобаларының басқармасы» жобалар менеджері Қанапиянов Рүстем Жанболатұлы және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы КММ-нің директоры Доскалиева Жаннат Закиқызы институтттағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кешенді жүзеге асырылуы барысына оңды бағаларын беріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтарын одан әрі тиімді іске асыруды сараптамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кеңестерін айтты.
Шын мәнінде Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының бұл орталығында «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру тұжырымдамасы», «Тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» бойынша көптеген жұмыстар атқарылып, бірнеше электрондық оқулықтар дайындалып, шығарылғанына көз жеткізілді.
АИГИ профессор-оқытушыларының және «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен жыл бойы әртүрлі іс-шаралар: кездесулер, көпшілік дәрістер, форумдар, акциялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, көрмелер, қайырымдылық айлықтары, т.б. өткізіліп келеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша күні бүгінге дейін 92 түрлі атаумен, 4500- данадан астам аударылған жаңа кітап келіп түсті. «Открытый университет Казахстана» www.OpenU.kz. порталына шығу да білім іздеген жастарға институт кітапханасымен онлайн жағдайында қиындықсыз жүзеге асуда. АИГИ кітапханасының кітап қоры жыл сайын толыға түсуде Бүгінде институт кітапханасының кітап қоры -161624 дана кітап құрайды. Оның ішінде оқу-әдістемелік құралдар-98723 дана, ғылыми –әдістемелік оқу құралдары саны – 9993 дана. Ал электрондық басылымдар – 26817 дана.
Институт кітапханасынан енді әлемдік классикалық шығармаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн форматында да оқуға мүмкіндік жасалды. Қазақстанның Ашық университеті дайындаған философия, тарих, социалогия,психология,антропология,мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және бизнес салалары бойынша маңдай алды университетттердің қазақ тіліне аударылған үздік жаңа оқулықтарының электрондық нұсқасы 50 электрондық дискіге жүктелінді.
Қонақтарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы» «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» және «Сананың ашықтығы» атты негізгі 6 бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Білім алушыларға осы бағыттарда тәжірибелік сабақтар,семинар-тренингтер өтікізіліп келе жатқаны да айтылды.
Рухани-адамгершілік тәрбие беру ісі ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, оқу-тәрбие үрдісінде жастардың рухани мәдениетін қалыптастыру мен рухани-адамгершілік құндылықтарға баулудың әдістемелік жолдарына негізделуде. Қазіргі жастардың білімділігі, еңбекке деген ынтасы, олардың отаншылдығы мен парасаттылығы, толеранттылық қасиеті болашақта ел тағдырын айқындайтыны белгілі. Көпұлттылық жағдайында Қазақстан жастары әртекті ортада жұмыс жасауға дайын, басқа мәдениеттің құндылықтарын құрметтеуге қабілетті болуға тиіс.Институттағы тәрбие-насихаттық жұмыстар осы бағыттарда жүргізіліп келеді.
XXI ғасыр – жаңа технологиялардың ғасыры, осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру Қазақстан жастарының еншісінде. Білім беру жүйесіндегі қазіргі талаптар ғылым, техника, мәдениет, экономика, технология, әлеуметтік ортаның дамуымен тікелей байланысты. Көптілділікті меңгеруді жолға қою – бүгінгі күннің басты талабы. Орталықтың бөлімдері арнайы тақырыптар бойынша техникалық факультеттер студенттерімен де жұмыстар жүргізеді.
Осы мақсатта студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, студенттердің білім және ғылыми байланыстарын дамытуға көмектесуге айрықша көңіл бөлініп отыр.
Ермек Биғали,
Атырау ниженерлік-гуманитарлық институтының
«Рухани жаңғыру» орталығы директоры.