АИГИ: Қашықтықтан оқытуда қиындық болмайды

Елімізде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 14 наурызда қабылдаған №108 бұйрығына сәйкес Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 100 процент қашықтықтан оқыту форматына көшті. Жатақханадағы студенттер де үйлеріне жетіп, қашықтықтан оқу үрдісіне Read More …

«iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы

Назар аударыңыздар! 2020 жылдың 3 ақпанынан 17 шілде аралығында өтетін, жыл сайынғы «iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы басталды. Бұл Қазақстанның барлық 11-сынып оқушыларына жоғары оқу орнына грант ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік

АИГИ РЕКТОРЫ – АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен ұжымы институт ректоры белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ихсанов Ерсайын Уалитханұлына «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілуімен шын жүректен құттықтайды және жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілейді. АИГИ Баспасөз қызметі.

«Арулар ізгіліктің шамын жаққан…»

АИГИ:»Рухани жаңғыру-2020» Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында көктем шуағын ала келген 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Арулар ізгіліктің шамын жаққан…» атты мерекелік кеш өтіп, ер азаматтар қауымы аруларға тамаша көңіл-күй сыйлады.

«3Д мультимедиялық интерактивті IT-Стартап» жобасын таныстырды

АИГИ институтында «3Д мультимедиялық интерактивті онлайн-курстардың IT-индустриясы» тақырыбында IT-Стартап жобасын таныстыруға арналған таяуда мини-конференция өтіп, жобаның презентациясы болды. Осы жоба өз тиімділігін көрсетсе алдағы уақытта ол институт өндірісіне ректор, профессор Е.У .Ихсановтың жетекшілігімен енгізілетін болады.