«Гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іс-жүзінде

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында елордада Ұлттық бюродан мемлекеттік тілге аударылып келген кітаптар бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

Институттың кітапханасы Атырау қалалық №1 кітапханасымен келісім-шартқа отырып, «Рухани-жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары мен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары мен басқа да ұлттық салт-дәстүрлер, мәдени-көпшілік, ағарту шараларын 2019-2020 оқу жылдары бірлесіп жүргізуде.

– «Гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», – «Рухани жаңғырудың» жаңа кезеңін ашты десек те болады. Жалпылай айтқанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар студенттердің жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім мен тәлімді тәрбие алуына, ауқымды энциклопедиялық білім мен білігі көкжиегін көтеруіне кең жол ашуда. Елбасының сөзімен айтсақ, «100 кітап жобасы» елдегі рухани революцияның ілгерілеуінің айқын дәлелі деуге болады,-дейді кітапхана меңгерушісі Нигматуллина Сания Қабдығалиқызы.

Қазақстанның Ашық университеті дайындаған философия, тарих, социалогия,психология, антропология,мәдениеттану, дінтану,лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және бизнес салалары бойынша маңдайалды университетттердің қазақ тіліне аударылған үздік 100 жаңа оқулықтарының электрондық нұсқасы 50 дана электрондық дискіге жүктеліп алынды.

Жүктелген электрондық оқулықтар институттың оқытушылары мен студенттері аудио-лекцияларды, дайын консфектілердің лекцияларын, тест жұмыстары мен қосымша оқу тапсырмаларын өздерінің сабақтарында пайдалануда.

АИГИ кітапханасының кітап қоры жыл сайын толыға түсуде Бүгінде институт кітапханасының кітап қоры -161624 дана кітап құрайды. Оның ішінде оқу-әдістемелік құралдар-98723 дана, ғылыми –әдістемелік оқу құралдары саны – 9993 дана. Ал электрондық басылымдар – 26817 дана.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша 2018 жылдан бері 55 түрлі атаумен, 2238 дана аударылған жаңа кітап келіп түсті.

Институт кітапханасының оқу залы – 150 орындық. Онда электрондық ресурстар бойынша интернет желісіне тіркелген студенттер саны – 2623, педагог қызметкерлер саны – 112. «Открытый университет Казахстана» www.OpenU.kz. порталына шығу қиындықсыз жүзеге асады. Кітапханада студенттер мен профессор-оқытушылар үшін барлық жағдай жасалған.

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply