Құрметті талапкер, студент, сайт қонағы! Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының сайтына қош келдіңіз! Біздің институт өз қызметін іске асыру барысында Батыс өңірінде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша да табысты жұмыс атқарып жүрген мыңдаған білікті мамандарды даярлады. Біздің бітіруші түлектеріміздің қатарында танымал мұнайшылар Read More …
Author: АИГИ Баспасөз қызметі
«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасымен Жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыс артты
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Академиялық ұтқырлық» орталығы еліміздің ішкі және сыртқы жоғары оқу орындарымен «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша жемісті жұмыс жүргізуде. Арнайы келесім-шартпен меморандумдардың екі жақты ынтымақтастығы аясында студенттер мен профессор-оқытушылар алмасып білім алуы мен беруі және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне жағдайлар жасалып келеді.
ЕҢБЕКТЕ ҮЗДІКТЕРГЕ – МАРАПАТТАР
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылыми-кеңесі мәжілісінің шешіміне сәйкес ректор,профессор Е.У.Ихсановтың бұйрығымен 2019 жыл қорытындысы бойынша студенттерге білім мен тәрбие беру, ғылыми-зерттеу істеріндегі үздік жетістіктері үшін институтымыздың бірқатар профессор-оқытушылары мен қызметкерлері марапатталып, сертификаттар алды.
«ТАЗА СЕССИЯ-САПАЛЫ БІЛІМ» ДЕВИЗІМЕН
ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ мен СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
2020 жылғы 5 қаңтар күні Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов,Бейбіт Мамыраев, Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау қаласында Х.Досмұхамбетов атындағы университеттің үлкен акт залында сайлаушылармен,атап айтқанда Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.
ПІКІР-САЙЫСКЕРЛЕРІМІЗ – «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ»
«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ
«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ»
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының кітапханасы мен Атырау қалалық №1 орталықтандырылған кітапханасы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары бойынша іс-шараларды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа адғашқы Жолдауын насихаттауды 2019-2020 оқу жылдары бірлесіп жүргізуге келісім-шартқа отырды.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің — 28 жылдығына» арналған онкүндік іс-шаралар
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің мұраты!» девизімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған онкүндік аясында 13 желтоқсан 2019 жылы өткен мазмұнды шаралардың бірі — Желтоқсан көтерілісінің 33 жылдығына арналған «Желтоқсан алауынан тәуелсіздік туы желбіреді» тақырыбындағы тағзым — сағаты болды.