Құрметті студенттер және оқытушылар! Сізге дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нұсқаулығын ұсынамыз

1. ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫ ӨТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1 Студенттің қорытынды аттестацияға онлайн түрде қатысуы міндетті. Дәлелді себеп бойынша қорытынды аттестаттауға келмеген Студент комиссия төрағасының атына еркін нысанда электрондық өтініш жазады, себептердің дәлелді растауын ұсынады және оның шешімі бойынша комиссия отырысының басқа күні қорытынды аттестаттау рәсімінен өтеді. Қайта өткізілген отырыс күнін комиссия айқындайды.

1.2. Егер қорғау кезінде аттестаттауға мүмкіндік бермейтін техникалық ақау орын алса, студентке қорытынды аттестаттаудан өтудің басқа уақыты берілуі мүмкін. Бұл жағдайда техникалық хатшы техникалық ақаулықтың электрондық актісін ресімдейді және сол күні актінің көшірмесін комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.
1.3. Кесте бойынша қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы қорытынды аттестаттауды өткізу мүмкін болмаған жағдайда қорытынды аттестаттау жазғы кезеңге ауыстырылады.
1.4. Білім алушы қорғау күніне дейін 14 күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыстың электрондық нұсқасын *.doc, *.docx форматында бірыңғай файлға жүктейді де “ЖОО Антиплагиат ” өткізу үшін институттың жауапты қызметкері Нурпейіс Г.С жолдайды .
1.5. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ZOOM жүйесінің бағдарламасы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.
1.6. Қорғау күніне дейін 3 (үш) күннен кешіктірмей студент АК техникалық хатшысына электрондық пошта және (немесе) WhatsApp желісі байланысы арқылы келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
– дипломдық жұмыстың (жобаның) соңғы электрондық нұсқасы;
– ғылыми жетекшінің дипломдық жұмысқа пікірі;
– дипломдық жұмысқа (жобаға) пікірі;
– плагиат бойынша дипломдық жұмыс (жоба) өткені туралы анықтама;
– компьютерде бағдарламада орындалған барлық сызбалар;
– баяндаманың мәтіні (электрондық нұсқасы) көрнекілігімен бірге;
– дипломдық жұмыстың (жоба) презентациясы;
– интернет болмай қалған немесе үзілген жағдайда алдын-ала жазылған қорғаныс бейнежазбасы жіберуі тиіс.
1.7. Қашықтықтан, онлайн режимінде, дипломдық жұмыс (жоба) бойынша барлық тапсырмалар оқытушының электрондық поштасына жіберіледі.
1.8. Сондай-ақ бітірушіге Интернеттің болмауы немесе төмен жылдамдығы туралы өтініш беру қажет. Өтінішті аттестаттау комиссиясы қарайды және расталғаннан кейін білім алушыға дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғау ұсынылады.
1.9. Бейне камерасы болмаса, бейне жазбаға телефон арқылы қосылуға болады.
1.10. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауды институттан тыс кез келген жерден өткізуге болады. Ол үшін ноутбук немесе веб камерасы бар компьютер қолданылады.

2. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ҚОРҒАУДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ

2.1 Сізге техникалық хатшымен немесе эдвайзермен (оқытушымен) қоңырау шалу, мәселелерді хабарлау үшін жүйелі түрде тығыз байланыс орнату қажет.
2.2. Техникалық хатшы сізге дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау кестесін WhatsApp желісіне немесе сіздің эдвайзеріңізге жібереді.
2.3. Кестеде дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау күні көрсетіледі.
2.4. Жақын арада 3 күн ішінде қосылумен проблемалар туындауы мүмкін барлық студенттермен комиссияның техникалық хатшысы хабарласады және жеке жұмыс істейді.
2.5. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ZOOM жүйесіндегі лицензиялық платформасын қолдану арқылы ауызша түрде өтеді. ZOOM жүйесін жүктеу нұсқаулығымен алдын ала танысу қажет.
2.6. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудан кем дегенде 1 күн бұрын комиссияның техникалық хатшысы сізді жедел байланыс үшін арнайы WhatsApp чат желісіне қосады.
2.7. Сіздің қосылған WhatsApp чат желісіне сынақ күні мен ZOOM жүйесіне қосылу үшін уақыты мен идентификаторы, парольі келеді.
2.8. Белгіленген уақытта қосылу үшін сізге сілтеме арқылы өту, идентификаторды және парольді енгізу қажет.
2.9. Қосылған кезде сізге байланыс, аудио және бейннің қосылуы қажет. Сонымен қатар сізге дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ережелері жарияланады.

3. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ҚОРҒАУ КҮНІ
3.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау күні Сізге WhatsApp чат желісінде ZOOM жүйесіне қосылу үшін сілтеме идентификатор келеді.
3.2 Сіздің жұмыс орныңыз, компьютерлік үстеліңіз толық дайын болуы керек. Жұмыс үстелінде бейне камерасы бар компьютер, ноутбук немесе смартфон және презентация мен қорғауға дайындалған басқа да материалдар дайындалуы тиіс.
3.3 Желіге қосылған кезде бейне камерасы бар компьютер, ноутбук немесе смартфоныңыз толық зарядталып, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуіңізді қадағалауды сұраймыз.
3.4 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау үшін бөлмеде бөгде адамдар болмауы керек.
3.5 Қорғау кезінде тыныш жағдайды барынша қамтамасыз етуді сұраймыз.
3.6 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ережелерімен алдын ала танысуды сұраймыз.
3.7 Техникалық немесе басқа да проблемалар туындаған жағдайда, тыныштықты сақтауды және бұл туралы комиссияның техникалық хатшысына WhatsApp-қа дереу хабарлауды сұраймыз.
3.8 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижесімен келіспеген Студент дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жарияланғаннан кейін 2 жұмыс күнінен кем емесуақытта апелляцияға өтініш беруге құқылы. Өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жазбаша түрде ресімделеді және WhatsApp желісіне немесе электрондық пошта бойынша техникалық хатшыға беріледі.

4. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ҚОРҒАУ РӘСІМІ

4.1 МАК-тың техникалық хатшысы осы отырыста дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайтын студенттердің тізімін жариялайды, кезектілік тәртібімен бітірушілерді қорғауға шақырады, әр жолы олардың аты – жөніін толықтай атап, жұмыс тақырыбын, ғылыми жетекшісін жариялайды;
4.2 Түлек жұмыстың мазмұнын баяндайды, сөз сөйлеу үшін оған 10 минутқа дейін уақыт беріледі (қорғауға қажетті барлық суреттер алдын ала нақты және демонстрацияға ыңғайлы мөлшерде орындалуы тиіс, плакаттар кестелері, кестелері, схемалары ұқыпты және тақырыптары болуы тиіс);
4.3 МАК мүшелері бітірушіге жұмыс тақырыбы бойынша сұрақтар қояды;
4.4 Жұмыс жетекшісі немесе МАК мүшелерінің бірі жұмыс туралы пікір оқиды.
4.5 Бітіруші біліктілік (диплом) жұмысының рецензенті жұмысқа рецензия оқиды, рецензент отырыста болмаған жағдайда рецензияны МАК мүшелерінің бірі оқиды;
4.6 Бітіруші рецензенттің сұрақтары мен ескертулеріне жауап береді.
4.7 Жұмысты қорғау процедурасының қорытындысында МАК төрағасы Комиссия мүшелерінен (және рецензенттен) бітірушінің жауабымен қанағаттанғанын анықтайды және олардың бітіру біліктілік (диплом) жұмысының мәні бойынша сөйлеуін сұрайды.
4.8 Соңғы (баллдық) баға МАК-тың жабық отырысында Google нысаны арқылы МАК мүшелерінің көпшілік дауысымен шығарылады.

Leave a Reply