«3Д мультимедиялық интерактивті IT-Стартап» жобасын таныстырды

АИГИ институтында «3Д мультимедиялық интерактивті онлайн-курстардың IT-индустриясы» тақырыбында IT-Стартап жобасын таныстыруға арналған таяуда мини-конференция өтіп, жобаның презентациясы болды. Осы жоба өз тиімділігін көрсетсе алдағы уақытта ол институт өндірісіне ректор, профессор Е.У .Ихсановтың жетекшілігімен енгізілетін болады.

АИГИ ректорының кубогы үшін шахмат фестивалі

«Ғ.А.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігі мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бірлесіп АИГИ ректорының Кубогы үшін дәстүрлі облыстық Х шахмат фестивалі өтті. Оған облысымыздың әр түпкірінен 8 жастан 80 жасқа дейінгі 64 шахматшы қатысты.

АИГИ студенттері халықаралық олимпиада жүлдегерлері

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының қаржы мамандығының 2-курс студенттері Алина Омарова мен Салтанат Қуанышбекова халықаралық «Ғылым және шығармашылық Қоғамы» ұйымдастырып өткізген «Бизнес жоспарлау» бағыты бойынша олимпиадада жүлделі үшінші орын алды.

«Жеке тұлғалық өсу. Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

“Жеке тұлғаның ұжымдағы орны қандай болу керек?”, “Адамның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты?”, “Әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде?”, “Кәсіпкерлік негіздерін қалай игереміз?”, “Әлеуметтік кәсіпкерлік мәні неде?” Осы және басқа да сауалдардың жауабын білім ордасында бүгіндері оқып жүрген студент жастардың, Read More …

“Сөз асылы – Абай әлемінде” атты әдеби-танымдық ойын ұйымдастырылды

Абай шығармаларын ұрпақ санасына сіңіру – әр перзенттің парызы. Сондықтан да ұлы ақын мерейтойы қарсаңында тәлімді әдеби,мәдени-тәрбиелік шаралар Атырау инженерлік гуманитарлық институтында көптеп ұйымдастырылуда.

АИГИ профессорлары жоғары ғылыми марапатқа ие болды

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессорлары,техника ғылымдарының кандидаттары Мұрат Ликаров пен Батыр Омаровқа қуанышты хабар жетті.

«Алтын Орда» мемлекеті: Тарих пен тағлым

Рухани жаңғыру Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Алтын Орда» мемлекетінің 750 жылдығына арналған дөңгелек үстел шарасы өтті. Оған профессор-оқытушылары, бөлімдер қызметкерлері, институт пен оның колледжі студенттері қатысты. Дөңгелек үстел басындағы әңгімені «Рухани жаңғыру» орталығы директоры Ермек Биғали ашты. Read More …