АИГИ ректорының кубогы үшін шахмат фестивалі

«Ғ.А.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігі мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бірлесіп АИГИ ректорының Кубогы үшін дәстүрлі облыстық Х шахмат фестивалі өтті. Оған облысымыздың әр түпкірінен 8 жастан 80 жасқа дейінгі 64 шахматшы қатысты.

АИГИ студенттері халықаралық олимпиада жүлдегерлері

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының қаржы мамандығының 2-курс студенттері Алина Омарова мен Салтанат Қуанышбекова халықаралық «Ғылым және шығармашылық Қоғамы» ұйымдастырып өткізген «Бизнес жоспарлау» бағыты бойынша олимпиадада жүлделі үшінші орын алды.

«Жеке тұлғалық өсу. Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

“Жеке тұлғаның ұжымдағы орны қандай болу керек?”, “Адамның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты?”, “Әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде?”, “Кәсіпкерлік негіздерін қалай игереміз?”, “Әлеуметтік кәсіпкерлік мәні неде?” Осы және басқа да сауалдардың жауабын білім ордасында бүгіндері оқып жүрген студент жастардың, Read More …

“Сөз асылы – Абай әлемінде” атты әдеби-танымдық ойын ұйымдастырылды

Абай шығармаларын ұрпақ санасына сіңіру – әр перзенттің парызы. Сондықтан да ұлы ақын мерейтойы қарсаңында тәлімді әдеби,мәдени-тәрбиелік шаралар Атырау инженерлік гуманитарлық институтында көптеп ұйымдастырылуда.

АИГИ профессорлары жоғары ғылыми марапатқа ие болды

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессорлары,техника ғылымдарының кандидаттары Мұрат Ликаров пен Батыр Омаровқа қуанышты хабар жетті.

«Саналы ұрпақ» пен «Парасаттылық мектебі» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім басқармасы ықпалды қоғамдық-саяси,тәрбиелік жұмыстарды белсенді жүргізуді тапсырды.

«Гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іс-жүзінде

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында елордада Ұлттық бюродан мемлекеттік тілге аударылып келген кітаптар бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

АИГИ-де «Адалдық дүкені» бар

Жастарды жастайынан адалдық пен биік адамгершілік рухында тәрбиелеуде Атырау инженерлік –гуманитарлық институтында жақсы дәстүр бар. Соның бірі – біраздан бері жұмыс істеп келе жатқан «Адалдық дүкені», «Сатушысыз дүкен».

Абай Құнанбаев – қазақтың төлқұжаты, рәмізі

«Рухани жаңғыру»: Абай-175 Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Дөңгелек үстел» өтті.